№22 Зиябек Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№22 Зиябек Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің тарихы.
1922-27 жылдары - «Коммуна» бастауыш мектебі .
1927-58 жылдары - «Коммуна» жетіжылдық мектебі
1958-76 жылдары -«Коммуна» сегізжылдық мектебі .
1976-85 жылдары - «Коммуна» орта мектебі .
1985 жылдан - З.Рүстемов атындағы орта мектеп .
Мектепті басқарғандар
- 1922 - 27 жылдары Рүстемов Зиябек
- 1927 - 37 жылдары Алдамұратов Әуелбек
- 1937 - 41 жылдары Пірімбетов Дүйсен
- 1941 - 43 жылдары Әбділдин Сыдық
- 1943 - 45 жылдары Ақмолдаева Разия
- 1945 - 47 жылдары Садықов Қошқар
- 1947 - 55 жылдары Жүсіпбеков Боранбай
- 1955 - 57 жылдары Қонысбаев Байғоныс
- 1957 - 59 жылдары Медеубеков Тастанбек
- 1959 - 83 жылдары (арада үзіліспен)
- Ерназаров Қалжігіт
- 1966 - 71 жылдары Үмбетов Артықбай
- 1983 - 88 жылдары Ережепов Түзел
- 1988 - 89 жылдары Әсілбеков Қалмаханбет
- 1989 - 94 жылдары Әбдуәлиев Әбутәліп
- 1994 - 95 жылдары Қалдыбеков Ғабит
- 1995 - 2003 жылдары Жанаев Қаржау
- 2003 жылдан Парманова Гүлжан
Мектеп тарихында Немат Келімбетов -жазушы, академик, шығыстанушы, аудармашы , Рустемов Лениншіл -академик, шығыстанушы, Алданазаров Әмір- профессор, техника ғылымдарының докторы-осы азаматтар мектебіміздің түлектері. Қазіргі таңда мектебімізді жалпы 127 азамат еңбек етуде. Ұстаздардың саны - 91 барлығы жоғары білімді. Қазіргі таңда мектебімізде 960 оқушы білім алуда.